Жаңалықтар тізбегі
0

Осы күзде Нұр-Сұлтандағы қай үйлерге газ келеді?

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2021 23:39 astana.gov.kz
Қаланы газдандыру мәселесі мемлекет басшысының бақылауында.

2021 жылдың қазан айының ортасында Оңтүстік-Шығыс ірі тұрғын алабындағы үйлер газға қосылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігі сайтының мәліметінше, аталған жеке сектор түтіннің негізгі көздерінің бірі.

Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Агроқалашық" тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агрогородок (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады.

Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде - жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. "Қазақауыл" (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қаланы толық газдандыру 2023 жылы аяқталады.

Тұрғын үй алаптарының тұрғындары үйді газға ауыстырудың артықшылықтары туралы айтты. Заманбек Әлкейұлы өткен жылы Көктал-2 елді мекеніне көшіп келіп, бірден үйді пешпен жылытудан газға көшіруді ұйғарған.

Біз өткен жылы желтоқсанда көшіп келдік. Содан бері газды қолданамыз. Бұл өте ыңғайлы, әсіресе біз үшін – аға буын адамдар. Біздің отбасымыз, балаларымыз үшін де экологиялық таза. Денсаулыққа пайдалы. Барлықтарыңызды газға ауысуға шақырамын. Ауа таза болады, - деді Заманбек Әлкейұлы.

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Мен өзім сол ауданда, жеке үйде тұрамын. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап біз газ жүргіздік. Бізге өте ұнайды. Жылы, өте ыңғайлы. Енді біздің балабақшаны да газға көшіру жоспарлануда. Бұл бәріміз үшін қуанышты оқиға, - деді Айсұлу Аусарова.

Үйіміз жылы, таза болу үшін бізге газ құбырын жүргізеді. Бізге кез-келген жағдайда көмектеседі, тіпті құжаттарға байланысты мәселе болса да көмектесіп, кеңес береді. Сізге кез келген уақытта кранды қосуға болады, сонда сіздің үйіңіз жылы, құрғақ және таза болады, - деді Светлана Свобода.

Газдандыру — Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаланы газдандыру мәселесі мемлекет басшысының бақылауында.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: