Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жылына 50 мыңнан астам жыртқыш құс өледі

pxfuel.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 18:29 pxfuel.com
Қауіпті электр сымдарында әр 10 км сайын орта есеппен үш құс өледі. Олардың жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген құстар.

"Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының" төрағасы Айгүл Соловьева онлайн-кеңесте Қазақстанда жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, 50 мыңнан астам жыртқыш құс жыл сайын жоғары вольтты электр сымдарына түсіп өледі, бұл популяцияның азаюына әкеледі. Сонымен қатар, Қазақстанда жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кетті. Жыл сайын табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары контрабанда фактілерін тіркейді. Заңсыз әкетудің салдарынан Қазақстанның жабайы табиғатындағы Қызыл кітаптағы құстар популяциясы азайып келеді, - деп мәлімдеді ол.

Оны биоалуандықты зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев қолдайды.

Жыртқыш құстар айнала ашық көрінетін орын іздейді, оған әсіресе, биік төбелер ыңғайлы. Сол жерден құстар жемтігін оңай аулайды, маңайды бақылай алады. Сондықтан шөл және дала аймақтарында жоғары вольтты электр желілеріне шығып, электр тоғына түсіп өледі, - деді ол.

Сонымен қатар, ол қауіпті желілерде әр 10 км сайын орта есеппен үш құс өлетінін айтты. Олардың жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген құстар.

Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қауіпті жоғары вольтты электр желілерінде орта есеппен 2 мыңға жуық Қызыл кітапқа енген құс өледі, - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешудің ең оңай жолы – желілерді диэлектрлік қақпақтар деп аталатын құс қорғайтын құрылғылармен жабдықтау. Олар құстың электр тогына түсуіне жол бермейді. Бірақ электр желілерін жер астымен жүргізу құс өлімінің алдын алуға толық мүмкіндік береді. Мұндай шешім Қазақстанда "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылысында қолданылған.

Бұл арзан әрі экологиялық тұрғыдан да тиімді, - деп түйіндеді спикер.

Заңнамаға "Құсқа қауіпті конструкция" терминін енгізу ұсынылды. Бұл келешекте жаңадан салынып жатқан ғимараттарда осындай конструкцияларды жобалауға және салуға заңнамалық түрде тыйым салуға, сондай-ақ құс қорғау құрылғылары болмай, қолда бар конструкцияларды пайдалануға заңнамалық түрде тыйым салуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, жел электр станцияларын қара түске бояу құстардың өлімін 50% төмендетеді. Бірақ құстарды қорғау тұрғысынан ең тиімдісі – вертикалды турбиналар орнату.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: