Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте «"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының слеті өтті

пресс-служба акимата, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 22:00 пресс-служба акимата
Салтанатты шараны Жобалық кеңсе басшысы Жани Қамбар ашып, білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларға тоқталды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастырды.

Аталған шараға "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық білім басқармасы өкілдері, "Adal urpaq" ерікті мектеп клубының Президенті Т.Байтас пен клубтардың мүшелері, жас өнерпаздар қатысты.

Салтанатты шараны Жобалық кеңсе басшысы Жани Қамбар ашып, білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларға тоқталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 22:00

Одан бөлек, Оқушылар сарайының бөлім меңгерушісі Гүлжан Тулеметованың, "Adal urpaq" ерікті мектеп клубының Президенті Төлеби Байтастың атқарған жұмыстар бойынша баяндамалары тыңдалды.

Шара барысында ""Adal urpaq" ассоциациясының туы сахнаға шығарылып, "Адал ұрпақ" әні орындалып, жас өнерпаздардың өнері тамашаланды.

Сонымен қатар, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта логикалық және ситуациялық ойындар ойнатылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 22:00

Айта кетейік, қаладағы 186 мектептерде "Adal urpaq" ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, әдептілік, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынған. Қазіргі таңда клуб құрамында 128 мыңнан астам мүшелері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: