Жайсыз жаңалықтарды оқу денсаулыққа әсер ете ме?
Коронавирус туралы жаңалықтар адамдардың көңіл-күйі мен денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
MailOnline басылымы бұл тұжырымды Ұлыбританиядағы Эссекс университетінің психологтары мәлімдегенін жазды. Дереккөздің жазуынша, екі топқа тәжірибе жасалған. Бірінші топтағы адамдар твиттердегі жаңалықтарды оқып, YouTube-тан видео көрген. Арасында жағымсыз жаңалықтарға пікір жазған. Ал екінші топ жаңалық оқымаған.
Зерттеу қорытындысына сенсек, жаңалық оқымайтын топтағы адамдардың көңіл-күйі жағымсыз жаңалық оқыған адамдардың көңіл-күйіне қарағанда жақсырақ екені анықталған. Коронавирус туралы жайсыз екі ақпараттың өзі адамдардың эмоционалдық көңіл-күйіне үлкен әсерін тигізген екен. Бірақ жағымды жаңалықтар да адамға соншалық әсер етпеген.
Зерттеу жетекшісі Кэтрин Бьюкененнің айтуынша, жағымсыз жаңалықтар адамның психикасына зиян. Ол желіде өткізген уақытқа емес, ондағы жазылған ақпараттың мазмұнына мән беру керектігін айтады. Әсіресе әлеуметтік желідегі уақытты тиімді пайдалану керектігін ескертеді.
Дайана Тоқберген