Кезінде Неміс облысын құрғанда бізде жемқорлық болмас па еді?
zakon.kz
Ендігі кеш боп қалды-ау...
Кейде ойлаймын, дейді Махат Садық.
1979 жылы Неміс автономиялық облысы құрылса қалай болар еді, деп. 200 мың тұрғынға есептелген облыс орталығы Ерейментау қаласы деп белгіленген. Негізінен қазақ аудандарын қосу жоспарланған.
Қазір ол облыс болып қала берер еді.
Көп неміс Германияға көшіп кетері тағы анық. Бірақ үлкен Германия бізге бір шарт қояры хақ болатын! Ол – Президент қазақ болсын. Ал Премьер-министр міндетті түрде неміс болсын деп.
Оу, деймін де, сонда солай болса, бізде қазір жемқорлық болар ма еді, болмас па еді? Екі жағымыздағы екі алпауыт Қытай мен Ресейден қорқар ма едік, қорықпас па едік? Өркениетті 30 елдің қатарына баяғыда кіріп кетер ме едік?
Қазақ тілі ғана Мемтіл болар ма еді, әлде Неміс тілі де мемқызметте міндетті саналар ма еді? Қызық, қалай болар еді, деп ойлайсыздар, деген сауал тастап қойды ол, деген сауал тастап қойды ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript