Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ әкімдіктер де арнайы техника алдыртса, онда мәселе болмас еді дегенді айтады

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 18:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков ОКҚ-да өткен брифингіде өртке қарсы қызметте арнайы техникалардың жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ өкілі атап өткендей, өртке қарсы қызметті техникамен жарақтандыру мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

"Шындығында техниканың жетіспеушілігі деген мәселе бар. Бүгінгі таңда техниканың жарақтандырылуы 89%-ды құрайды, оның ішінде қосымша қажеттілік - 440 бірлік. Үш жыл ішінде біз 242 бірлік техника сатып алдық. Биыл 180-ге жуық техниканы сатып алуды жоспарлап отырмыз. Техниканы жергілікті атқарушы органдарға беру жайына келетін болсақ, біз оны береміз, бірақ жергілікті атқарушы органдардың өздері де ТЖМ-ға қарайламай өздеріне техника сатып алуы керек. Егер әкімдік те техника сатып алса, ешқандай проблема болмас еді". Марат Көлдіков


Сондай-ақ ол "кейбір кезекші бөлімдер пайдаланатын техниканың шыққан мерзімі жарты ғасырдан асатыны рас па" деген сұраққа жауап берді.

"Жоқ. Бұлай деуге болмайды. Жаңа ғана техниканың жабдықталу деңгейі 89% екенін айттым ғой. Иә, бізде 10 жылдан астам қызмет еткен ескі техникалар бар. Бірақ олардың саны көп емес. Егер тағы үш жыл бойына бізді бүгінгі күндегідей қаржыландыратын болса, онда 3-4 жыл ішінде біз өз қажеттілігімізді жабамыз". Марат Көлдіков


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: