Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда ана мен төрт баланың өліміне кінәлілер жазаланды

Сот үкімі шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 14:58 Сурет: freepik
Сот 2021 жылдың ақпанында Түркістанда әйел мен оның төрт баласының өліміне газ компанияларының екі басшысын кінәлі деп таныды, екі айыпталушы да 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұлтуралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Марат Көлдіков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістанда 2021 жылдың 27 ақпанында көмірқышқыл газына уланып, бір отбасының өліміне қатысты тергеудің қалай аяқталғаны туралы айтты.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі - «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі газ кәсіпорнының директорлары 4 жылға бас бостандығынан айырылды». Марат Күлдіков

2021 жылдың 27 ақпанында Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінде бес адам – әйел мен оның төрт баласы қайтыс болды. Өлім себебі көмірқышқыл газынан улану.

2021 жылдың наурыз айында полиция газ жабдықтарын монтаждайтын компаниялардың бірінің директорын ұстады, ол ана мен төрт баланың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: