Қырғызстанда президент әкімшілігінің қызметкері парамен ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 23:01 zakon.kz
Сотталғандарды уақытынан бұрын босату, рақымшылық жасау тізімдерін дайындау барысында жемқорлық әрекеттері болғаны анықталды.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, президент әкімшілігі рақымшылық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы А.Т.Б парамен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы қызмет мәліметінше, "сотталғандарды уақытынан бұрын босату, рақымшылық жасау тізімдерін дайындау барысында жемқорлық әрекеттері болғаны анықталды".

Комитеттің хабарлауынша, комиссияның жауапты хатшысы қызмет бабын асыра пайдаланып, сотталушыны рақымшылыққа ілінгендер тізіміне қосу үшін 170 мың сом (2 мың доллар) сұраған. 18 қазанда ол пара алу кезінде ұсталып, арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.

Президенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Рақымшылық жөніндегі комиссияның жауапты хатшы қызметін Таалайбек Апенов атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: