Мамин мен Мишустин екі елдегі КВИ-мен күресті күшейту мәселесін талқылады
ПМ
Олар бұл мәселені телефон арқылы сөз етті.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресейде коронавирус инфекциясымен күресті күшейтудің маңыздылығын атап өтті, делінген премьер-министр сайтында.
Асқар Мамин мен Михаил Мишустин Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін және өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылым және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуді талқылады. Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript