Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаевтың отставкаға кету туралы шешіміне қандай дерті себеп болған

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 05:24 видеодан алынды
Ол отставкаға кетуіне қосымша тағы бір себеп болғанын, яғни омыртқасын емдету қажет болғанын айтты.

Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Портреттің штрихтары. Ашылу" атты деректі фильмінде екі жыл бұрын өзінің отставкаға кетуге қандай ауру әсер еткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы қанша рет айтуға болады (күлді). Мұндайды ашып айтуға болмайды. Ешкімге бұл жайынан тіс жарып, айтпадым. Тек сол күні таңертең, қалай дегенмен де үлкен көршіміз ғой, Путинге қоңырау шалдым, ол есеңгіреп қалды, айтып жатырмын, бүгін кешке жариялаймыз деймін, солай шештім, өз аузымнан естісін деп айтып жатырмын, сонымен бітті! Мемлекет басшылары ішінен одан басқасының ешқайсысы білген жоқ. Оның үстіне бұл шешім алдында - 2015 жылы пісіріліп қойған болатын. 75 жылдық мерейтойым өтті, сол кезде осы мен үшін жеткілікті шек деп шештім. Қазақстан халықтары Ассамблеясы менің қызметімді сайлаусыз өмір бойына ұзарту үшін бүкіл Қазақстан бойынша қол жинады, - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, сол кезде өзінің қарсылығына қарамастан бүкіл ел бойынша 5 миллион қол жиналды, бұл сайлаушылардың 65% құрайды.

Бір сөзбен айтқанда, мен қазірдің өзінде сайланып қойғанмын деп айтуға болады. Содан тұрдым да айттым: "Жарайды, біз кезектен тыс сайлау өткізетінімізді жариялаймыз, адамдар өз пікірін білдірсін" дедім. Алғашқы жалпыхалықтық сайлау 1991 жылы өтті - 98,8%. Соңғысы - 2015 жылы: 97,8%. Сенім осындай болды, 80% -дан төмендеген емес. Егер кім де кім ойдан алынған сан деп айтса, солай-ақ ойлай берсін, бірақ бұл 60% емес, 51% емес, қалай 80 немесе 90%-ды жазып алуға болады. 2015 жылы адамдар дауыс беру үшін кезекке тұрды. Өмір бойына ел алдында жүріп, адамдардың осындай сеніміне ие бола алғаным, әрине жанымды тебірентті. Міне, өзіме деген сенімнің осындай шыңында кетуіме тура келді. Сондықтан, осылай істеу керек деп санадым. Менің көз алдымда КСРО басшыларының бірқатары өтті. Брежневтің, Андроповтың және Черненконың жерлеу рәсіміне қатыстым, бұл бір жағынан. Екінші жағынан, адами мүмкіндіктердің де шегі бар ғой, - деп түсіндірді Елбасы.

Ол отставкаға кетуіне қосымша тағы бір себеп болғанын, яғни омыртқасын емдету қажет болғанын айтты.

Бұл туралы ешқашан айтқан емеспін, енді ғана айтып отырмын, менің омыртқама ота жасалды. Өте ауыр ота еді. 8 наурызда концертке бардық. Бір уақытта концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрдым, сонымен бітті, аяғым қозғалмайды. Қатып қалған. Содан күзетшіні шақырдым. "Қасыма тұр!" дедім. Балдақ сияқты оның қолынан ұстап алдым. "Енді ақырындап жылжиық, адамдар байқап қоймасын" дедім, зал толы болатын. Сөйтіп шығып кеттік. Сөйтсем омыртқамда бір кілтипан бары белгілі болды. Ота жасады. Солай емделіп алдым. Қазір бәрі жақсы. Бала кезімде қызылдардың командирі туралы фильм көргенмін, сонда ол жараланады, ал отряд шабуылға шығуы тиіс, бірақ оған қимылдауға мүлде болмайды, сол кезде ол жарасын өзін тартып таңып, аяғынан тұрып, "командир кез келген жағдайда ақ аттың үстінде, қолдың басында болуы керек" деп айтады, - деп еске алды ҚР Тұңғыш президенті.

Оның пікірінше, президент үшін де солай болуы керек.

Президент науқастанса, ол мемлекет басшысы емес. Бұл сіздің жағдайыңыз, ал мемлекеттің бұған не қатысы бар, ол зардап шекпеуі керек қой, осылай сапарлап жүре бересіз бе, қаншама кездесу бар, 350 кездесу, көз алдыңызға елестете аласыз ба?! Ал мұндай денсаулықпен қайда барасыз? Бұл 2011 жыл болатын. Содан кейін тағы жөнделуге тура келді, ол да қиын ота еді. Жақсы хирург кезікті. Тәжірибелі. Міне, осы жайттар да менің шешіміме әсер етті. Бұл туралы мен ешқашан айтқан емеспін, ол үшін кешірерсіздер. Енді оны қалай айтасыз, жұмыс істеу керек, әлі де кетуге дайын емес едім, өйткені мұрагер мәселесі шешілмеген болатын. Ақыры бір шешімге келдім, оным дұрыс болды деп ойлаймын. Содан бері екі жылдан астам уақыт өтті, оған еш өкінбеймін. Осы жағдайдан басқа дертім болған емес, қазір де ауырып жүргенім жоқ, - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.

Оксана Скибан, Кәмшат Сатиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: