Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жануарларға қатыгездік таныту деректері көбеюде

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 18:57 Павел Михеев / zakon.kz
Үй жануарларының иелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ақылы негізде чиптеуге міндетті болады.

Жануарларға қатыгездік танытуға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны бір жылда бірден 14%-ға өсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ranking.kz зерттеуінде айтылғандай, 2021 жылдың тоғыз айында тіркелген құқық бұзушылықтар саны 50 жағдайды құрады.

Оның ішінде балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар саны тоғыз айда 153 жағдайға дейін 2,7%-ға өсті. Сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану жағдайлары бір жыл бұрынғыға қарағанда 4%-ға көп тіркелді, бұл – 183 құқық бұзушылық, - деп нақтылады сарапшылар.

Бұдан басқа, жыл басынан бері жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына және қорықшыларға қатысты күш қолданудың 4 жағдайы тіркелді.

Өңірлік бөліністе құқық бұзушылықтардың ең көп саны Алматы облысында тіркелді, 12 жағдай, жылдық өсім – 2 есе.

Анти-лидерлердің үштігінде Нұр-Сұлтан (6 жағдай, өсім – жылына 3 есе) және Шымкент (6 жағдай, өсім – 6 есе) бар.

Заңсыз аң аулауға байланысты құқық бұзушылықтар көбінесе сол Алматы облысында тіркелді: 14 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,7%-ға көп. Одан әрі Қызылорда (10 оқиға, 2 есе өсу) және Солтүстік Қазақстан (9 жағдай) облыстары тұр, деп мәлімдеді сарапшылар.

Айта кету керек, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" жаңа заң жобасында жануардың өмірі, дені мен саулығы үшін иесінің жеке жауапкершілігі, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік (жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылған, 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған жағдайда 1000 АЕК-ке дейін не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру) қарастырылған.

Сонымен қатар, үй жануарларының иелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ақылы негізде чиптеуге міндетті болады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: