Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда үй жануарлары қалай есепке алынады

Қазақстанда үй жануарлары қалай есепке алынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 15:47 Сурет: Алматы әкімдігі
Үй жануарларын есепке алу ережелері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген.

Үй жануарларын есепке алуға қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпарат берді. 


"Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды. Сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы". Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Сонымен қатар заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады. 

Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: