Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік үй жануарлары қалай есепке алынатынын түсіндірді

Министрлік үй жануарлары қалай есепке алынатынын түсіндірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 11:13 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес үй жануарларының иесі үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады. Оған чиптер, болюстер және басқалар жатады.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР заңының 11-бабына сай есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген дерекқорда міндетті қайта есепке алынуға жатады. Айта кету керек, міндетті есепке алынуға иттер мен мысықтар жатады.

Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жануарлар иелерінің дербес деректері қамтылатын ақпаратпен жұмыс істеу ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі.

Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Үй жануарын есепке алу кезінде оған үй жануарларын есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен үй жануарының жеке нөмірі беріледі.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беруге міндетті", - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органға үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 685, 709 және 729-баптарына сай, ішкі істер органдары, орман шаруашылығы, өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, қалпына келтіру, пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ҚР ӘҚБтК 407-1 (жануарларға қатыгездік таныту) және 407-2 (Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырады.

Өз кезегінде ҚР ӘҚБтК-нің 802 бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

  • уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
  • құқық қорғау органдарынан, басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
  • жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, БАҚ-тағы хабарламалар себеп болады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: