Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 9 айда 9,5 мың жол-көлік апаты тіркелді – статистика

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 17:56 zakon.kz
Ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 316 адам қайтыс болды.

2021 жылдың 9 айында Қазақстанда 9,5 мыңға жуық апат орын алды, соның салдарынан 12,5 мың адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай мәліметті ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті келтіреді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол - көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 5,5% - ды құрады. 1,4 мың адам қаза тапты (12,1% - ға өсті), оның ішінде 134-і кәмелетке толмаған балалар, 384-і әйелдер және 1033-і ер адамдар.

Бұрынғыдай апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 2295 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 316 адам қайтыс болды. Елордада 399 ЖКО тіркелді.​

Еліміздің жолдарыдарындағы апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайты "qamqor.gov.kz" "Ақпараттық сервис" бөлімінде көруге болады. Ол үшін "Геоақпараттық жүйелер" терезесіне өтіп, "ЖКО" қосымша бетін таңдау қажет.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жарақат алған немесе қаза тапқан ЖКО-ның есебін ғана жүргізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: