Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысы Іле ауданында жер дауы тұтанды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 22:10 видеодан кадр
Даулы жер осыған дейін бос жатқан екен. Жартысы қоқыс полигоны болыпты.

Бұл жолы "Дружба" саяжайының түрғындар әкімдікке барып жер телімдерін заңдастырып беруді талап етті. Өйткен тұрғындар жер алып, үй салып алғандарымен, қолдарында бір де бір құжат жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz "Еуразия" Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айбек Бидаев бірнеше жыл бұрын Іле ауданыНа қарасты "Дружба" саяжайы маңынан жер телімін сатып алыпты. Ауыз су, электр қуатына деп барлық шығынды қосқанда шамемен 2 миллионға жуық қаржы төлеген. Алайда қолына бір де бір құжат берілмеген. Қазір жер телімі келісілгендей 8 сотық емес одан екі есе кем болып шығыпты.

Келіп жан-жағымызды қысып, времянканың мына жағын неғып отыр. Машина кіретін жері жоқ, үй саламыз деп қойып отырған жеріміз. Осы жаққа келіп, көздерін сүзіп отыр. Мына жағынан да қысып тастаған, дейді ол.

Даулы жер осыған дейін бос жатқан екен. Жартысы қоқыс полигоны болыпты. Тұрғындардың айтуынша, кезінде "Алел агро" компаниясының өкілдері келіп жер телімін сатып алу туралы өздері ұсыныс жасаған екен. Оларға имандай сенген халық белгілеп берген жерге үй салып алып, қаржы жинап, ауыз су мен электр қуатын тартыпты. Осылайша құжаттарын рәсімдеу үшін қыруар қаржыға заңгер жалдап, топографиялық түсірілім жасатып болғанда жер телімі жеке кәсіпкерге сатылып кетіпті. Тұрғындар сотқа берейін десе, иелері жиі ауысқандықтан нақты қожайынын таба алмай отыр.

"Алел агро" айтқан сөзінде тұрмай, басқа біреуге сатып жіберіпті. Ол кісі келіп жолдарың дұрыс емес, анау участокты бұзып тастаймын мынау участокты бұзып тастаймын деп біраз әңігіме айтты. Қазіргі таңда мына 56 участокқа документ шығардық дейді. Ол документтің жартысы дұрыс емес. 3 сотықтан бөліп тастаған, 2,40 қылып тастаған. Біреуге сарайыңның шеті кетеді, біреуге моншаң кетеді дегендей әңгіме шығып жатыр, дейді "Дружба" бау-бақша серіктестігінің төрағасы Нұржан Қабдуалиев.

Осылайша өз беттерінше мәселені шеше алмаған тұрғындар жергілікті билікке барды. Аудан басшысы қабылдап, тұрғындардың алаяқтардың құрбаны болғанын жеткізді. Дегенмен бұл мәселені шешуге талпынып жатқанын айтты. Екінші тараппен келісімге келіп, үй салып алған 56 жер телімінің мәселесін шешуге күш салып жатқанын мәлімдеді. Ал үй салып үлгермегендерге қол ұшын бермек.

Бағдат Қарасаев, Іле ауданының әкімі:

Қазір өздеріңіз білесіздер. 2026 жылға дейін мораторий жарияланған. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер сатылмайды. Сол үшін кейбір жерлерді 5-6 жылға арендаға береміз. Прокуратурамен шақырдық. Жалға береміз. Мараторий біткеннен кейін үй салғаннан кейін өздеріңіз заңға сәйкес заңдастырып аласыздар.

Аудан әкімінің айтуынша мәселе жуық арада шешілетін көрінеді. Ал алақтарға жем болған жұртшылық өздерін алдап соққан тұлғаларды жауапқа тарту үшін бас прокурордан көмек сұрауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: