Роналду бесінші рет әке атанады
"Манчестер Юнайтед" клубының футболшысы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес тағы балалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хола басылымы жазғандай, атақты футболшының жұбайы Родригестің аяғы ауыр, жүктілігі - 12 апта, яғни үш ай болған. 36 жастағы португалдық футболшы Джорджина босанған қызы Алан Мартинадан бөлек, суррогат ана туып берген үш баланы тәрбиелейді: Криштиану кіші, Ева және Матео.
Криштиану Роналду 2021 жылдың 27 тамызында туриндік "Ювентустан" ауысып, "Манчестер Юнайтедтің" ойыншысы атанды. Өткен маусымда португалиялық 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмерген футболшысы атанды. 2009 жылдан 2018 жылға дейін Криштиану мадридтік клуб - "Реалда" өнер көрсетіп келді.