Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда "Астана LRT" экс-басшысы іздестірілуде

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 21:17 astana.gov.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған тұлғалардың басқа елдердегі қандай да бір активтері табылған жоқ.

"Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда іздестірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша іздестіріліп жатқан Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков (Астана әкімінің бұрынғы орынбасары) ҚР ІІМ Интерпол арналары бойынша халықаралық іздеуге салынды.

Талғат Арданның Түркияда жүргені туралы қолда бар ақпаратқа байланысты аталған елдің құзыретті органдарына оны Қазақстанға беру туралы сұрау жіберді (28.09.2019 ж.). 2021 жылғы 15 сәуірде Түркияның Интерполынан Стамбул қаласының Бакыркей ауданының қылмыстық соты Ардан Талғатты қамауға алу туралы қаулы шығарғаны туралы ақпарат алынды. Қазіргі уақытта Түркия аумағында Арданды табу және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - делінген жауапта.

Сонымен қатар, Қанат Сұлтанбековты іздеу туралы да айтылды.

Сұлтанбеков АҚШ-та болуына байланысты АҚШ Әділет министрлігінің атына оны беру туралы сұрау жіберілді (24.07.2020 ж.). Сауал америкалық тараптың қарауында жатыр, - деді Ғизат Нұрдәулетов.

Тергеу барысында анықталған залал сомасы 5,8 миллиард теңгені құрады, бұл ретте Сұлтанбеков пен Ардан тікелей ұрлаған соманы анықтау мүмкін болмады.

Тергеу барысында іс бойынша 45 млн теңге өтелді. Өткізілген іс-шараларда Алматыда Қ.Сұлтанбековтың атына тіркелген құны 3,08 млрд теңгеге бағаланған мүлік (Алматыда салынған тұрғын емес үй-жайы бар пәтер мен жер учаскесі) тәркіленді. Аталған мүлікке тергеу сотының 22.01.2020 жылғы қаулысы бойынша тыйым салынды. Ардан Талғатта тыйым салынатын және тәркіленетін мүлік табылған жоқ, - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған тұлғалардың басқа елдердегі қандай да бір активтері табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтанда "Астана LRT" ісіне нүкте қойылды.

"Астана LRT" компаниясымен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері жеті жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

"Астана LRT" ЖШС-інің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына халықаралық іздеу жарияланды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: