Астанада "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы ұсталды

Астанада «Қазавтожолдың» экс-басшысы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 09:03 Сурет: qaj.kz
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың 4 сәуірінде "Қазавтожолдың" бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.

"Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды." ҚМА баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: