Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Махмуд Сабырхан Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Боксшы Оңтүстік Кореядан келген Ин Гю Киммен өткізген алғашқы жекпе-жегінде 5:0 есебімен қарсыласын жеңді.
Сабырханның келесі қарсыласы шотландиялық Мэттью Макхейл болады. Кездесу 31 қазанда өтеді.
92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай да бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Оралбай 1/16 финалдағы қарсыласы поляк боксшысы Матеуш Березницкиді 4:1 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 28:29) есебімен жеңді.
Бұған дейін 1/8 финалға Қазақстаннан Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін) және құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) өткен болатын.