Атырау-Ақтөбе тас жолындағы төбелес кезінде бес адам жараланды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2021 16:02 pixabay.com
Болжам бойынша, оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған.

36 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331-ші шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болды. Бес адам оқтан жарақаттанып, біреуі қолын сындырды. Салдарынан 1985 жылғы азамат алған жарақаттарынан Сағыз кентіндегі амбулаторияда көз жұмды, – деді Атырау облыстық ПД.

Қазір оқиға орнына облыстың ПД жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Болжам бойынша, оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: