Екібастұзда Тоқаевтың қатысуымен моноқалалар жөніндегі кеңес басталды

facebook.com / Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 17:32 facebook.com / Берік Уәли
Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

"Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы - моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл - халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

"Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу - аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ", - деді Президент.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 17:32

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: