Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды
Сурет: akorda.kz
Ақордада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент сөз басында жуырда өткен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға тоқталды.
"Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз", – деді Президент.
Сондай-ақ ол бүгінгі жиында әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттер айқындалатынын баса айтты.
"Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Ал, бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейтін болады. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сонымен қатар "атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды" екенін атап өтті.
"Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады", – деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript