Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "биік кабинеттердегі" жемқорлық туралы айтты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 20:52 Zakon.kz
Президент жемқорлық биліктің барлық деңгейі үшін "зиян" екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық туралы өз ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент оның биліктің барлық деңгейі үшін "зиянды" екенін айтты.

Биліктің төменгі және орта буындарындағы, жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлықтың зияны "биік кабинеттердегі" жемқорлықтан кем емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мақсаты сыбайлас жемқорларды ұстау ғана емес, бюрократиялық олқылықтар мен схемаларды, басқарудағы кемшіліктерді жою болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі Екібастұздағы кеңесте баға мәселесін де қозғады.

Тоқаев президент тапсырмасы бойынша делдалдар схемаларын тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылғанын, бірақ бұл жұмыстың нәтижесін ешкім көрмегенін айтты.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: