Жаңалықтар тізбегі
0

Субсидия жымқырып, ұсталғандар арасында шенеуніктер бар ма?

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 21:32 Zakon.kz
Оразалин ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығынан бір-екі адам ұсталғанын айтты.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ОКҚ брифингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласындағы арнайы операциясына түсініктеме берді. 30-дан астам адам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыруға байланысты ұсталғандар туралы сұрақ көтерді.

Олардың арасында Ақтөбе облысының шенеуніктері де бар. Сіз не білесіз? Қанша шенеунік және олар кімдер? Оларды нақты не үшін айыптайды? – деп сұрады журналистер.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бұған жауап ретінде ұсталғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер жоқ екенін айтты.

– Мендегі ақпарат бойынша, қылмыстық іс күн панельдерін сатып алу және орнату фактісі бойынша қозғалды, оларға 80 %-ға дейін субсидиялау көзделген. Менің білуімше, мұнымен ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы, осы орталықтың Ақтөбе облысының аумағындағы өкілдері айналысты, бірақ олар мемлекеттік қызметкерлер емес. Жымқыру бойынша мемлекеттік қызметкерлер айыпталуда деген ақпарат менде жоқ. Субсидиялауға бөлінген қомақты қаржының есебін сыбайлас жемқорлықпен күресетін мекемелер сараласын, – деді аймақ басшысы.

Оразалин осы сағатта облыс аумағында тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын, осы ұлттық орталықтан бір-екі адам ұсталғанын айтты.

– Жергілікті атқарушы органдарға келетін болсақ, біз сұралған барлық қажетті ақпаратты ұсындық. Бұл шаруа қожалықтарының қызметіне қатысты. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қандай да бір нақты айып тағылған жоқ. Бірақ одан әрі тергеу жүргізіледі, – деп түйіндеді Ақтөбе облысының әкімі.

Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан, Шымкент және бес облыста арнайы операция өткізді.

Осыған байланысты билік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық бойынша тексеру бастады.

4 қарашада Қазақстан Президенті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: