Гарвард шетелдік студенттерді оқудан шығарып жатыр: олардың арасында қазақтар бар ма

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 11:57 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 23 мамырында Ғылым және жоғары білім министрлігі Гарвард университетінің шетелдік студенттерден құтылу туралы шешім қабылдағаны туралы АҚШ-тың ақпаратына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев Facebook желісіндегі парақшасында хабарлағандай, қазір жеті адам Гарвардта "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуда.

"Басқа бағдарлама бойынша немесе өз қаражатына оқитын студенттер туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ. Мұндай жағдайда тиісті сауалдар жолданады", – деп жазды ол.

Бұған дейін АҚШ үкіметі Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салғаны белгілі болған. Ал енді онда оқитын шетелдік студенттердің барлығы басқа университеттерге ауысуы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: