Белградтағы бокс тойы: Серік Теміржанов та алтынға таласады
olympic.kz
Осылайша, Қазақстан командасының төртінші боксшысы финалда бақ сынайды.
Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында төртінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды Zakon.kz.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік Теміржанов жартылай финалда кубалық Освель Гарсия Кабальероны ұтты.
Бірінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберіп, қалған екі раундта да басымдық танытқан Серік 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан командасының төртінші боксшысы финалда бақ сынайды. Серік Теміржановтың финалдағы қарсыласы - америкалық Джамаль Харви.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript