Бүгін жарыстың соңғы күні: Бокстан Азия чемпионатында 9 отандасымыз "алтынға" таласады

12 қарашада Амманда (Иордания) бокстан 2022 жылғы Азия чемпионаты өз мәресіне жетеді. Жарыстың соңғы күні финалда ерлер арасында 13 салмақ дәрежесінде жүлде сарапқа салынады, оның тоғызында Қазақстан өкілдері бақ сынайды, деп хабарлайд Zakon.kz.
"Алтынға" таласатындардың тізімінде тоғыз отандық боксшы да бар. Осы тоғыз финалдық кездесудің бесеуінде Қазақстан Өзбекстан спортшыларымен бетпе-бет келеді.
48 кг. Санжар Ташкенбай-Аратаке Кадзума (Жапония);
51 кг. Сәкен Бибосынов-Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);
54 кг. Махмұт Сабырхан-Карло Паалам (Филиппин);
57 кг. Серік Теміржанов-Әбдімәлік Халоков (Өзбекстан);
67 кг. Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд);
71 кг. Асланбек Шымбергенов-Зеяд Ишайш (Иордания);
75 кг. Нұрқанат Райыс-Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан);
92 кг. Айбек Оралбай-Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан);
+ 92 кг. Қамшыбек Қонқабаев-Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).
Бокстан АЧ-2022 финалдық жекпе-жегін сағат 16:00-де турнирдің ресми арнасынан көруге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript