БҚО-да шенеунік болған жүкті әйел 2,5 жылға сотталды
Zakon.kz
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айдана Кардашеваны 2 қарашада соттады.
Батысқазақстандық жүкті экс-шенеунікке түрме мерзімі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айдана Кардашеваны 2 қарашада соттады.
28 жастағы шенеунік 2019 жылы аудандық мәдениет бөлімінің бухгалтериясының бас маманы болып тағайындалды. Басшылықтың бұйрығымен оған екінші қол қою құқығы берілді.
– 2019-2021 жылдар аралығында ол мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, өзінің банктік шотына 939 мың теңгені заңсыз аударған, – дейді "Мой город" басылымы.
Іс материалдарынан әйелдің кінәсін толық мойындағаны және материалдық залалды өтегені көрінеді. Айтпақшы, ол 10 жастағы баланы тәрбиелеп отыр, сонымен қатар екінші балаға аяғы ауыр.
"Бұрынғы шенеунік кінәлі деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Алайда сотталушының жас баласы болғандықтан, сот жазаны үш жылға кейінге қалдыруға шешім қабылдады" делінген хабарламада.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript