Атырауда кезектен тыс заңсыз пәтер бөлген шенеунік әйел шартты түрде 1,5 жылға сотталды

Сот үкімі, Атырау, кезектен тыс, пәтер, шенеунік, әйел, соттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 15:25 Сурет: pixabay
Атыраудағы №2 сотында қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлжамал Жолдасоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шендіге пәтерлерді кезектен тыс заңсыз беру және қызметтік жалғандық жасау бойынша айыптар тағылған еді, деп жазады "Ақ Жайық" жергілікті басылымы.

Іс материалдарына сәйкес, Жолдасова қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторында жұмыс істеп, қалалық тұрғын үй комиссиясының құрамына кірген. Бұл сектор азаматтарды тұрғын үй кезегіне қоюмен, үміткерлердің құжаттарын тексерумен және пәтер алушылардың тізімін жасаумен айналысады. Осы тізімдердің негізінде әкімдік тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталушы өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, кейбір азаматтарға тұрғын үйді белгіленген кезектен тыс беруге ықпал еткен, сондай‑ақ жалған құжаттар жасаған. Айып бес эпизод бойынша – қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану және екі эпизод бойынша – қызметтік құжаттарды бұрмалау фактілеріне қатысты тағылды.

Сот процесі барысында қорғаушылар істі прокурорға қайтаруды сұрады. Адвокаттар тұрғын үйді бөлу шешімін комиссия мүшелері бірлесіп қабылдайтынын, ал қылмыстық қудалау тек Жолдасоваға қатысты жүргізілгенін атап өтті. Алайда сот бұл уәждерді қабылдамай, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

29 мамырда сот Жолдасовaны кінәлі деп таныды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Белгілі болғандай, ол апелляциялық шағым беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Жолдасова кезекті еңбек демалысында және тұрғын үй секторының меңгерушісі лауазымын әлі атқаруда. Сот оған бір жыл алты ай мерзімге шартты жаза тағайындап, мемлекеттік қызмет лауазымын өмір бойына атқару құқығынан айырды.

Бұған дейін Астанада хайп қуамын деп қоғамдық дәретханада видео түсірген екеу сотталатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: