Қазақcтан полицейінің қазіргі жалақысы қанша?
Zakon.kz/Максим Золотухин
Министрдің айтуынша, полицейлердің жалақысы өте төмен.
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жалақысы қаншалықты көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, полицейлердің жалақысы өте төмен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап оны кезең-кезеңмен өсіріп келеді.
2023 жылға дейін біз қызметкерлердің жалақысын 50%-дан 90%-ға дейін көтеретін боламыз. Мәселен, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.
Бұған дейін ІІМ басшысы жаңа төрт колония қай аймақтарда салынатынын айтқан болатын.
Мәжілістегі Үкімет сағаты бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар Қарағанды облысындағы шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript