Кешегі "қойшы баланың" қазіргі жұлдызды өмірі қандай?
"Қойшы бала" атанып кеткен Айдос Кәден бір әнмен бүкіл Қазақстанға танымал болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дастархан басында айтылған ән Айдостың жолын ашты. Ол қалың жұртқа қойшы бала есімімен таныс. Лақап аты тегін емес. Бұрын тек мал бағып жүріп ән айтса, бүгінде кәсіби өнер жолына бет бұрған.
Көршіміздің үйіне жайлауға көкке шығамыз деп қаладан қонақтар келген. Айдос өтіп бара жатқанда, үйге қонақтар келіп жатыр деп шақырып алған. Бір-екі ән айтып берген. Тыңдағандар туыстарына жіберген, осылай таралып кеткен. Ағаларымыз бізге жіберген. Өзіміз таңырқап қалдық, - дейді әкесі Кәден Иса.
Қойшы баланың қоңыр үні кез келген адамды баурап, өзіне елітіп жібереді. Жастайынан өнерге жақын бозбала бүгінде әнші болуды қалайды.
Мен негізі бала кезімде әнші болам деп армандадым. 3 жасымнан бастап ән айта бастадым, - дейді Айдос Кәден.
Айдос 9-сыныпта оқиды. Жасы – он төртте. Қазақ әдебиеті, тарих пәндәрін жақсы көреді. Поэзияға жақын. Бүгінде Айдостың мақсаты – айқын, талғамы – биік. Ол өзінің бағытын да бағамдап үлгерген.
Маған негізінде дәстүрлі әндер ұнайды. Қазір өзі танылу оңай болды. Қазақ елінде оған мүмкіншілік бар. Әншілік қанмен келген өнер, - дейді Айдос Кәден.
Әлеуметтік желі пайдалануышылары жас қой, "тойға шығып, ән айтып қажеті жоқ" деп шулауда. Айдостың айтуынша, желідегі тойда ән айтып тұрған видео туыс ағасының тойында түсірілді. Ол әншілік қабілетін нәпақы табуға пайдаланбақ емес.
Айдостың видеосы таралғаннан кейін Жігер Ауыпбаев оған қол ұшын созып, шәкірті еткен.
Даланың баласынан сахна жұлдызына айналған қойшы баланың оқиғасын "Көремізден" көріңіз: