Кел, балалар, екпе алайық!

ҚР ДСМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:50 ҚР ДСМ
Келесі аптадан бастап елімізде оқушылардың алғашқы легі індетке қарсы екпені қабылдайды.

Келесі аптадан бастап елімізде оқушылардың алғашқы легі індетке қарсы екпені қабылдайды. Премьер-министр Асқар Мамин мектептерде егу пунктерін дайындауды тапсырды. Ел аумағына балалар мен жүкті келіншектерге арналған вакцинаның бірінші партиясы бүгін жеткізілді. Ал 15 қарашаға дейін өңірлерге Pfizer екпесінің 374 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі Үкімет отырысы әдеттегідей Алексей Цойдың баяндамасынан басталды. Министр әуелі вирус жұқтыру деректерін жіпке тізіп, соңғы статистикамен бір қуантып қойғаны рас. Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық деңгейі 3,4 есе, өлім-жітім 4 есе азайған. Соңғы үш айда науқастар саны да 2,3 есе төмендепті, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

22 қарашадан бастап ревакциналау басталады. Осыған байланысты егу пункттерін медицина ұйымдары мен медицина жұмыс түрлерін әзірлігін қамтамасыз ету қажет.


Вакцинаны қайта қабылдайтынтардың көшін тәуекел тобындағы адамдар бастап тұр. Яғни екпенің үшінші дозасын әуелі дәрігерлер, мұғалімдер және күш құрылымдарының қызметкерлері салдыруы тиіс. Ал келер жылдың қаңтар айынан бастап, екпе салдырғанына 9 ай болған кез-келген қазақстандықтың ерікті түрде қайта егілуіне болады, - дейді министр.


АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Балаларға, аяғы ауыр және емшекте баласы бар әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 млн 230 мың дозасы сатып алынып қойылды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Иә, оқушылар мен жүкті келіншектерді вакцинациялау науқанына да дайындық қызу. 15 қарашаға дейін өңірлерге Файзер екпесінің 374 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Препараттың алғашқы партиясы тиілген ұшақ бір сағаттан соң Алматы әуежайына қонуы тиіс.

Министрдің сөзінше, мектептерде оқушыларды вакцинациялау үшін арнайы егу пунктері ұйымдастырылады. Әрине, екпе балалардың барлығына жаппай салынбайды. Тек 12 жастан асқан және ата-анасы рұқсатын берген балалар ғана екпені қабылдайды. Яғни ұл-қызының вакцинаны салдыруы я салдырмауы, әр ата-ананың өз еркінде.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: