Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға жеткізілген Pfizer туралы не білу керек?

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 17:57 Zakon.kz
COVID-19 - дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі - иммундау!

Pfizer вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан бастап, жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жасөспірімдерге вакцинация жүргізілуде.

Америкада Пфайзер өндіретін вакцина шамамен 8 миллион адам егілді, оның ішінде 5 жастан асқан балаларды вакцинациялау басталды, Қытайда – 2021 жылдың қазан айында 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған отандық вакцинаны шұғыл қолдану қабылданды және аталған жастағы 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер егілді.

Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Канадада 58%-ға дейін 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер КВИ-ге қарсы толық егілді.

Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін аналар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін халықтың осы топтарындағы қауіпсіздіктің және жоғары тиімділіктің дәлелді базасы бар Пфайзер өндіретін вакцинаның қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі және ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде егілуі мүмкін.

Мектеп бекітілген медициналық ұйым жасөспірімдерді вакцинациялау үшін егу бригадаларының медициналық қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етеді.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде "суық тізбек" қамтамасыз етіледі.

Пфайзер өндірісінің вакцинасы минус 60-90°C температурада облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында сақталады.

Білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пункттерінде күнтізбелік 31 күнге дейінгі мерзімге плюс 2-8°C температурада сақталады.

Мектеп бекітілген медициналық ұйым және мектеп басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:

  • ҚР ДСМ №361 бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес егу кабинеттерін жабдықтау;
  • алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған препараттардың болуы;
  • көп жиналудың алдын алу үшін егілетін адамдардың ағынын шектеу;
  • вакцинацияға дейін күту үшін үй-жай бөлу және әлеуметтік қашықтықты сақтау шартымен вакцинациядан кейін бақылау үшін жеке үй-жай бөлу;
  • мектеп және медициналық ұйым психологтарын жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға тарту.

Пфайзер өндірген вакцинамен вакцинациялау алдында

  • ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі егілетін адамға тексеру және сұрау жүргізіледі;
  • иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егуді жүргізуге рұқсат ресімделеді,
  • егілетін адамға және/немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен иммундаудан кейін жағымсыз жайттар, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі.

Вакцинациядан кейін

Вакцинацияланған адам вакцинациядан кейін 30 минут ішінде вакцинаны алған жерде медицина қызметкерінің бақылауында болады.

Вакцинациядан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:

  • инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шаршағыштық, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, буын ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; аталған реакциялардың кейбірі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде ересектерге қарағанда біршама жиі кездескен;
  • инъекция орнындағы қызару, жүрек айну, құсу;
  • лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар және т. б.

Иммундаудан кейін жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда - медициналық көмекке жүгіну қажет.

"Пфайзер"өндірісінің вакцинасымен вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері:

  • белсенді затқа немесе препараттың кез-келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқа немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту емес, өйткені вакцинада бұл компоненттер жоқ.
  • 12 жасқа дейін;
  • 16 аптаға дейінгі жүктілік.

Жіті инфекциялық аурулары бар адамдар үшін және созылмалы аурулары асқынған кезеңде коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинациялауды кейінге қалдыру керек.

"Пфайзер"өндірісінің вакцинамен вакцинациялау кестесі:

1 дозасы - кез келген нөлдік күн;

2 доза - бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен.

Вакцинацияның артықшылықтары:

  • инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуының алдын алады
  • егілгендерді ғана емес, айналадағыларды да (аға-інілер, апа-сіңлілер, туыстар) қорғайды
  • "ұжымдық иммунитетті" қалыптастырады
  • иммунизациядан кейін алынған "вакцинация паспорты" сіздің сапарыңызды жеңілдетеді.

Вакцинация жүргізер алдында коронавирусқа КВИ мен антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін 6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: