Жаңалықтар тізбегі
0

Сенаторлар өңірлердің өкілеттігін арттыратын заң қабылдады

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:01 Сенаттың баспасөз қызметі
Министрліктерге де қосымша өкілеттіктер жүктеледі.

Үкіметтің кейбір функциялары Министрліктерге, ал олардың бірқатар өкілеттіктері әкімдіктерге беріледі. Сондай-ақ, Министрліктерге де қосымша өкілеттіктер жүктеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бағыттағы жаңа нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жазылған. Бүгін сенаторлар аталған заңды екінші оқылымда қабылдады.

Зңға сәйкес Білім және ғылым министрлігіне қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепілдік беру қағидаларын бекіту қызметі жүктеледі. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ісіне мониторинг жүргізуге жауапты болады. Сондай-ақ құжатта мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты басқа да нормалар нақты жазылған

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев заң бойынша пікір білдіріп, бұл құжаттың мемлекеттік басқару жүйесін дамытуда және мемлекеттік органдардың дербестігін арттыруда маңызды екенін атап өтті.

"Заң мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтеді. Алдағы уақытта осы заң еліміздің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: