1 млн-ға жуық жалған доллар өткізбек болған азамат сотталды
Zakon.kz
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті өткен жылдың қыркүйек айында жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында Алматы қаласының тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ долларына тең жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Т.Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript