Агенттік адамдары 1 млн жалған долларды қалай өртегенін көрсетті
Сурет: видеодан кадр
975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын қалай жойғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынды.
Қызметкерлермен жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript