Жаңалықтар тізбегі
0

Мусин: Ресейлік "Сбермен" меморандумның күші жойылған жоқ

Zakon.kz/Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 15:41 Zakon.kz/Павел Михеев
Ешқандай шетелдік мемлекетке деректерімізді беріп жатқан жоқпыз.

Ресейлік "Сбермен" арадағы меморандумның күші жойылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды екен.

Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, дейді astanatv.kz.

Тіпті министр әлеуметтік желіде осындай жаңалықтың тарап жатқанынан да бейхабар боп шықты. Бірақ министр Сбермен келісім жасалған күнде де, жобамен шетелдік мамандар емес отандық IT қызметкерлері айналысады деді. Сондықтан қоғамдық резонанс тудырған мәселеге алаңдамауға шақырды. Жобаға қаралған жарты миллиард қаржы да толықтай Ресейге берілмейді. Қомақты қаражат отандық ІТ компанияларға жұмсалады. Платформалық модельге көшу бойынша қажетті инфрақұрылым, серверлік орталық Қазақстанда қалады. Ол ешқайда кетпейді деді министр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Қазақстанның ішінде орналасқан серверлік орталықтар құрылатын болады. Сол Қазақстандық серверлік орталықтарда осы палтформа және деректеріміз сонда сақталатын болады. Ешқандай шетелдік мемлекетке деректерімізді беріп жатқан жоқпыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: