Соңғы тәулікте Қазақстанда КВИ-ден 28 адам қайтыс болды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 15:56 Zakon.kz
86 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылдың 12 қарашасында ҚР-да коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қарашадағы мәлімет бойынша 36 648 адам коронавирус инфекциясынан (31 523 КВИ+ және 5 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

  • 6 542 пациент стационарда,
  • 30 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 472 адамның жағдайы ауыр,139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 86 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат:

10.11.2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 152 жағдайы тіркелді, төрт адам қайтыс болды және 206 адам жазылды.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы:

  • ауырғандар – 80 905,
  • қайтыс болғандар – 5084,
  • сауыққандар – 70 696.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2021 15:56

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: