Нұр-Сұлтанда Pfizer-ді қандай медициналық мекемелерде алуға болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2021 19:35 Zakon.kz
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасын салуды ұсынатын қалалық медициналық мекемелердің тізімін жариялады.

Нұр-Сұлтанда 15 қарашада Pfizer екпесін салу басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл екпені салуға жататын контингент қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдер оқу орындарында вакцина алады. Алайда қаланың барлық медициналық ұйымдары жүкті әйелдерді, емшекте баласы бар әйелдерді егу науқанына бірдей қатыса алмайды, - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасын салуды ұсынатын қалалық медициналық мекемелердің тізімін жариялады:

- No 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 қалалық емханалары;

- "Достық" отбасылық денсаулық орталығы;

- "Жанұя", "Салауатты Астана", "Кировская", "Шипагер" ЖШС-лар (емханалардың барлық филиалдарында)

Егуге жататын контингентке арналған дозалар осы ұйымдарға бөлінген.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: