Жаңалықтар тізбегі
0

Шаршы алаңда қазақстандық өзбек спортшысын үш рет нокдаунға жөнелтті

pixabay.com pixabay.com
Севостьянов техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық боксшы Алексей Севостьянов Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz хабарлағандай, 30 жастағы қазақстандық өзбек боксшысы Хусан Юлдашевпен (8-14-1, 5 КО) жұдырықтасты.

Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын, бірақ бұл кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. Севостьянов техникалық нокаутпен жеңді. Бір қызығы, қазақстандық екі минут ішінде өзбекті үш рет нокдаунға түсіріп үлгерді, содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Алексей Севостьянов кәсіпқой мансабын мерзімінен бұрын жеңіспен бастаса, Хусан Юлдашев он бесінші рет жеңіліске ұшырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз