Бибосынов шаршы алаңда билеп жүріп, финалға шықты
olympic.kz
Сәкен Бибосынов енді алтынға таласады!
Белградтағы әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды Zakon.kz.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті, деп сүйінші сұрайды Olympic.kz.
Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы – америкалық Рокст Холл.
Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript