Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2021 23:56 pixabay.com
Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қар жауады деп күтіледі. Осыған байланысты жолдағы көліктерге дабылды ескерту жасалды.

2021 жылдың 15 қарашасына қатысты синоптиктер өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аумағы арқылы жылдам қозғалатын солтүстік-батыс циклоны еліміздің солтүстік жартысына, негізінен қар түрінде түсіп, ал оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде белгі береді. Республикамыздың басым бөлігінде қатты жел соғып, солтүстікте бұрқасындатып, көктайғақ, тұман болады деп кұтіледі, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Ақмола облысының оңтүстік шығысында көктайғақ болып, қар бұрқасындатады, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын болып, жел екпіні 15 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын болып, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысында солтүстікте, батыста таулы аймақтарда желдің екпіні - 15-20 м/с, ал түнде 23 м/с ұлғаяды, оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі, батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдықпен күш алады.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні - 15-20, түнде 23-28, кей уақытта 30 м/с болады деп күтіледі. Таңертең облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауады.

Таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі, қатты жел тұрады, екпіні – 15-20, күндіз 25 м/с құрайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: