Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында колледж бухгалтері 26 млн теңге ұрлады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2021 16:47 Zakon.kz
Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды.

Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің қатарына жатады, деп ескертеді ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қ. "Ақпараттық технологиялар колледжі" ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.

Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: