Жаңалықтар тізбегі
0

Ердоған өзін "әлемдегі ең тәжірибелі басшы" деп жариялап жіберді

facebook.com/RTErdogan, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 21:24 facebook.com/RTErdogan
Ердоған 2003-2014 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі қызметін атқарды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Чанаккале провинциясында жастармен кездесуінде өзінің әлемдік саясаттағы орнына баға берді. Оның айтуынша, бүгінде бірде-бір басшы онымен тәжірибе жүзінде салыстыра алмайды.

"Мен әлемді білемін. Бүгінгі басшылардың ішінде мен ең тәжірибелімін. Мұны мақтану үшін емес, басқа басшылардың арасындағы өз орнымды анықтау үшін айтып отырмын. Өйткені менің халқым үшін кімнің кім екенін білу маңызды", – деді Режеп Тайып Ердоған.

Ердоған 2003-2014 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі қызметін атқарды, 2014 жылы ол елдегі алғашқы тікелей президенттік сайлауда жеңіске жетті. Төрт жылдан кейін ол кезектен тыс сайлауда қайтадан президент болып сайланды.

Айта кету керек, 2003-2014 жылдың 15 наурызы аралығында премьер-министр қызметіне кіріскен Режеп Тайып Ердоған аз уақыт ішінде жанды және үздіксіз дамып келе жатқан Түркия мұраты бар көптеген өмірлік маңызды реформалар пакетін жүзеге асырды. Батыс жетекшілері "тыныш революция" деп атайтын оқиғаның басы.

Демократияландыру, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында үлкен қадамдар жасалды. Осымен қатар дұрыс қадамдардың арқасында түрік экономикасы жақсарып, мемлекеттік несиелердің пайыздық мөлшерлемесі төмендетіліп, жан басына шаққандағы ұлттық табыстың айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.

Ердоған бұрын-соңды түрік тарихында болмаған инфрақұрылым, көлік, коммуникация, білім, экономика және адам құқықтары салаларына көптеген инвестиция салуға мұрындық болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: