Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрынғы білім министрі Шәмша Беркімбаева қайтыс болды

қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 09:16 Сурет: Facebook/askhat.aimagambetov
Шәмша Беркімбаева 2002-2003 жылдар аралығында Білім министрі қызметін атқарған. Еңбек жолын ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бұрынғы білім министрі Шәмша Беркімбаева 79 жасында қайтыс болды. Қаралы хабармен білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде бөлісті.

Аймағамбетов Шәмша Беркімбаеваның Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.

Шәмша Көпбайқызы ауыл мектептерін дамытуға, дарынды балаларды қолдауға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді. Жұмыс кездесулерінде Шәмша Көпбайқызы үнемі менімен тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін айтып, біздің саладағы жаңалықтарды қадағалап отырды. Асхат Аймағамбетов

Шәмша Беркімбаева еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Осы жылдары мектеп директоры, Алматы облысы КП БК хатшысы, Білім министрінің орынбасары, Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Алматы облысының білім басқармасының бастығы, сонымен қатар аудандық білім басқармасының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды.

2003-2011 жылдар аралығында қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: