Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде қазақстандық қызды зорлады деп айыпталған үш полицей ақталды

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 22:05 pixabay
Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Ресейдің Екатеринбург қаласында сот Қазақстан азаматын зорлады деп айыпталған бұрынғы үш полицейді ақтады. Сот сайтындағы ақпаратқа қарағанда, ІІМ қызметкерлерінің әрекетінен "қылмыс құрамы" анықталмаған.

Тергеу органдарының болжамынша, 2019 жылы тамыз айында полиция қызметкерлері Вадим Мустафин, Андрей Бессарабов және Вячеслав Тропин 22 жастағы Қазақстан азаматын ұстап, УАЗ қызметтік көлігіне отырғызып, сол жерде зорлаған, деп жазады centralasian.org.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, олар оны бөлімшеге апарып, сол жерде "одан да көп адамға зорлатамыз" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Ресей ІІМ тексеруден кейін үш бастықтың қызметінен кетірілгенін, 14 қызметкерге тәртіптік шара қолданылғанын хабарлады.

2020 жылы Екатерингбург соты Мустафинді алты жарым жыл, Тропин мен Бессарабовты алты жыл түрме жазасына кескен. Алайда желтоқсан айында Свердлов облыстық соты ақтау үкімінің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберген. E1.ru сайтының жазуынша, іске қатысты жаңа деректердің пайда болуына байланысты сондай шешім қабылданған: қыздардың бірі жәбірленуші "жеңгетайлық жасады" деп күдікке ілінген адамның тапсырмасымен полицейлерге жала жапты деген. Ал полицейлер күдіктінің бизнесіне кедергі келтірген.

Жәбірленушінің өзі басылымға әу-баста полицияға шағым түсіруге қорыққанын айтқан.

"Қорғанамын деп барып, жағдайды онан сайын ушықтырып алам ба деп қорықтым. Мені ұрып-соғып, тіпті соңы өліммен аяқтала ма деп ойладым. Полицияға барғым келген жоқ. Әділ үкімге де үмітім болған жоқ. Әншейін үйге кіріп алып, жатқым келді. Өзім бармас едім, бірақ мені достарым көндірді", – деді ол.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: