Жаңалықтар тізбегі
0

Баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандар қашықтан жұмыс істей алады

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 22:52 pixabay
Әйел декреттік демалысқа кеткен кезде кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жоғалтады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін ерекше еңбек жағдайларын жасауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы әйелдер ерлерге қарағанда бала күтімі мен жұмысты қатар атқаруға жиі мәжбүр екенін атап өтті. Ал әйел декреттік демалысқа кеткен кезде кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жоғалтады. Нәтижесінде көптеген адамдар еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Бірақ ең жаманы – жалғызбасты ата-аналардың балаларына қарауы қиынға соғады.

Жалғызбасты ата-аналар үшін ерекше еңбек жағдайын жасау қажет. Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу және қысқартылған жұмыс режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн. Дамыған елдердің ірі компаниялары өз кеңселерінде балалар бөлмелерін ашуда. Мұндай тәжірибе бізде де нормаға айналуы тиіс, - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ол осы санаттағы жұмысшылардың мүдделерін ескеретін еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет екенін айтты. Сонымен қатар, еңбек процестерінің үздіксіздігін және тиісті өнімділікті қамтамасыз ету маңызды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: