Гендерлік дау: Иран әйелдер құрамасының қақпашысы еркек екен
Иордания футбол қауымдастығының президенті Азия футбол конфедерациясына шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шағымда олар Иран құрамасының қақпашысы Зохре Коудаиды ұстап алып, тексеруді талап етті. Өйткені оның шын әйел емес, әйелдер құрамасына көмектесу үшін әйелге ұқсап бағатын еркек болуы мүмкін деген күмән туған.
Қысқасы, Иран мен Иорданияның әйелдер құрамалары 2022 жылғы Азия кубогына іріктеу матчын өткізіп, 0:0 есебімен тең түскен. Сосын пенальти сериясында Иран қыздары 4:2 есебімен жеңген, ал қақпашы Коудаи екі пенальтиді қағып тастаған.
Сол нәтиженің арқасында ірі турнирге Иран жолдама алды.
Бірақ Иорданиядағы адамдар да соқыр емес, олар Коудаи әйел емес, еркек болуы мүмкін деп отыр. Айтпақшы, 2015 жылы да Иран құрамасындағы сегіз әйел футболшының жыныс ауыстыру операциясын күтіп жүрген еркек екені анықталған болатын.
Алайда Иран құрамасының бас бапкері Марьям Ирандост бұл айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.