Парагвай құрамасының қақпашысы "Лилль" клубына ауысты

Парагвай құрамасының қақпашысы Мбаппемен жанжалдан кейін "Лилльге" ауысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 16:51 Сурет: Instagram/losclive
Парагвай футбол құрамасының қақпашысы Орландо Хиль "Лилль" клубының ойыншысы атанды. Бұрын "Сан-Лоренсо" сапында өнер көрсеткен қақпашы 2026 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппенің арқасына доп лақтырған әрекетімен есте қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы парагвайлық қақпашы 2031 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.

Бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, Хильді ең танымал аргентиналық клубтардың бірі – "Сан-Лоренсодан" 3,6 млн еуроға сатып алған.

"Лилльге" ауысқанға дейін Орландо Аргентина чемпионатында 63 матч өткізген, оның 30 ойынында қақпасына гол жібермеген.

Жақында өткен әлем чемпионатында Хиль Парагвай құрамасының негізгі қақпашысы болды.

Ол Францияға қарсы 1/8 финалдық матчында шабуылшы Килиан Мбаппенің арқасына доп лақтырғаны көпшіліктің назарын аударды.

Алайда бұған дейін "Реал" клубының шабуылшысы да әдепсіз әрекет жасаған. Ол парагвайлық қақпашыдан теріс бұрылып, оның қолын алмай кеткен.

Айтпақшы, осы жағдайдан кейін үлкен дау туындап, онда саясаткер Селеста Амарилья әлемдік деңгейде қызу мәлімдемелер жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: