Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан 30 жылда ескі-құсқы автокөліктер елі болды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 17:16 Facebook
Жалақы деңгейі бойынша Ауғанстан, Чадпен бірдейміз, автокөлік бағасы бойынша АҚШ-тан озып тұрмыз.

Қазақстанның автокөлік паркі ескіріп жатыр деп шенеуніктер дабыл қағады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдегі автокөліктің орташа жасы 19,9 жыл екен, бұл Қазақстан экологиясына орасан зиян келтіріп жатыр, деп жазады автокөлік саласының журналисі Ибраш Нүсіпбаев.

1990 жылдары Қазақстандағы автокөліктердің орташа жасы Еуроодақ елдерінің көпшілігіндегідей 9 жыл болған. Өйткені 1990 жылдары импорттық автокөлік үшін қазіргідей сомасы тым жоғары салықтар мен кедендік алымдар болған жоқ. Ол кезде де қазақстандықтардың табысы сонша жоғары болмаса да, халықтың Еуропа мен Жапониядан 5-6 жылдық көлік сатып алатын мүмкіндігі болып еді.

Қызықтың бәрі кейін басталды

Сосын автомобиль бизнесінің маңайында коррупциялық схемалар құрыла басталды. Қазақтың жемқор шенеуніктері өз туысқандарының қамын жасап, өздері салық төлемеу үшін "отандық автокөлік өндірісі" дегенді ойлап тауып, сырттан келетін көліктің бәріне кедендік салық енгізіп қойды. Дайын көліктің дөңгелегін ғана орнататын "отандық өндірушіні" қолдаймыз деп, баяғыдай сырттан көлік әкелудің жолын жауып тастады. "Оператор РОП" деген сұмырай құрылып, утильсбор, одан кейін алғашқы тіркеу алымы деген шығып, қазақстандықтар сырттан көлік алуды мүлдем доғарды.

Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан Ауғанстан, Чад, Йемен сықылды әлемнің ең кедей елдерімен бір қатарда, ал автокөлік құны бойынша Ресей мен АҚШ-тан озып тұрмыз.

Ал салыстырайық:

  • Toyota Corolla

Ресейдегі бағасы: 1 630 000 рубльден бастап (22463$)

АҚШ-тағы бағасы: 20 075$ бастап

Қазақстандағы бағасы: 10290000 теңгеден бастап (23948$)

  • Toyota RAV4

Ресей: 29216 $

АҚШ: 26 350 $

Қазақстан: 33327 $

  • Toyota Camry

Ресей: 27769 $

АҚШ: 23 045 $

Қазақстан: 29417 $

  • Renault Duster / Dacia Duster

Ресей: 14015 $

Германия: 11 990 евро

Қазақстан: 17275 $

  • Volkswagen Tiguan

Ресей: 28375 $

Германия: 29 855 евро

Қазақстан: 34095 $

Айтпақшы,

Қазақстандағы ең төменгі жалақы 42500 теңге ($ 98)

Ресейдегі ең төменгі жалақы 12792 рубль ($ 176)

АҚШ-тағы ең төменгі жалақы (сағатына $ 14) күніне $ 112.

Жалақы төмен, көлік бағасы қымбат болған Қазақстанның ескі-құсқы автокөліктер еліне айналатыны заңды. Қазақстан халқы бұл үшін депутаттарға, сенаторларға, жоғары лауазымды шенеуніктеріне "рахмет айтуы" керек, өздерін байыту үшін Қазақстанның халқын да, табиғатын да аямайтын, делінеді жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: